Тәубем қабыл болды деп үміттенемін
Тәубем қабыл болды деп үміттенемін

Әл Мууаффак әл Макки былай деген:

«Әбу Ханифа, оған Алла Тағаланың рақымы болсын, өз мазхабының үкімдерін шығару кезінде шәкірттерімен және ізбасарларымен ақылдасатын және тек өз білгенінше әрекет етпейтін. Ол Аллаға, Оның елшісіне және барша мұсылмандарға ерекше адалдық танытып, ижтихад жасайтын. Ол мәселелерді бірінен кейін бірін қарастыру кезінде олардың әрқайсысын жан-жақты талқылайтын, ізбасарларының пікірлерін тыңдайтын, өз ойын да айтатын және олармен бір ай немесе одан да ұзақ уақыт бойы пікірталас жүргізетін. Бұл талқылау қандай да бір пайымдаманы егжей-тегжейіне дейін талдап, шешпейінше жалғаса беретін. Содан соң оның бәрін қады Әбу Юсуф жазып алатын. Егерде қандай да бір мәселе Әбу Ханифаға, оған Алла Тағаланың рақымы болсын, қиындық тудырса, ол ізбасарларына: «Мұның себебі – менің бір күнә жасағанымда», - деп, Алладан кешірім сұрауға кірісетін. Кейде  намаз оқитын. Соның арқасында бір шешімге келетін. Содан соң: «Менің тәубем қабыл болды деп үміттенемін», - дейтін. Мұны естіген әл Фудайл ибн Ъиаз көз жасына ерік берді де, былай деді: “Өйткені, оның күнәсі аз. Ал, басқалар оған мән бермейді!”».

Әбу Омар Әл-ФарухӘбу Омар Әл-Фарух
10 лет назад 4942
1 комментарий
О блоге