Сөз бен іс
Сөз бен іс

Ардақты пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір сапарда ат басын тежеп, достарымен бірге көліктерінен түсер-түспес жүктерін жерге қойысты. Жолсоқты боп қарын ашқандықтан бір қой сойып жеуге ақылдасты. Бар жұмысты әркім өзара бөлісе бастады. Біреуі: – Қойды мен сояйын, – деді. Екіншісі: – Терісін мен сыпырайын, – деді. Үшіншісі: – Ет пісіру менің мойнымда болсын, –деді. 

Сол кезде Пайғамбарымыз да: – Шөлден отын жинап қайтуға мен барайын, – деді.

Бұны естігенде сахабалардың бәрі әбігерленіп: – Уа, Аллаһтың құрметті елшісі! Еш әуре болмастан сіз көлеңкеде сәл тыныға тұрыңыз. Біз өзіміз-ақ бәрін қуана-қуана істейміз, – десті.
Сонда Пайғамбарымыз: – Иә, бұл жұмыстарды мен сендердің өздерің-ақ істей алатындарыңды білем, алайда Аллаһ тағала қандай да бір құлдың өзін өзгелерден артық сезініп дос-жарандарынан бөлек отырғанын ұнатпайды, – деп жауап берген еді.
Сөйтті де, шөлге барып бір құшақ отын теріп әкелді...
Бұл Аллаһ елшісінің сөзі мен ісі тең, турашыл сипатының қарапайым ғана бір көрінісі.


Құдайберді Бағашар

"Тағылым тамшылары" кітабынан

Әбу Омар Әл-ФарухӘбу Омар Әл-Фарух
10 лет назад 5217
0 комментариев
О блоге