Mazhab.kz діни-танымдық порталы құттықтайды!

Елімізге рухани байлық беруде ерен еңбек етіп келе жатқан Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы ақпарат айдынына қосылғанына бір жыл толды. Осы бір жыл ішінде үлкен сұранысқа ие болып, көпшіліктің көкейіндегі рухани түйіткілдің шешілуіне әсер еткен әріптестерімізді ыстық ықыласпен құттықтаймыз. "Бір жасқа толған сәби қандай қылықтар шығаруы мүмкін, ол осы уақыт ішінде күлуді, жан-жағына көз жүгіртуді, өзіне назар салған адамды танып, оған жауап ретінде жымиюды ғана үйренеді" - деп сипаттапсыздар. Иә, расымен де қылықтарыңыз тәтті, өзіне баурайды. Еріксіз елітеді, жас сәбиге қарағандай мейіріммен қарайды ел-жұрт. Алыс-жақын көпшілікке енді танылып жатса да, өзінің сүйікті, тұрақты оқырмандарының санын арттырып үлгерді. Қазір порталдың тұрақты оқырмандарының күндік орташа саны 9-10 мыңнан асып жығылады. Бұл бір жылдық жақсы жетістік. Қазақ елі, ислам жұртшылығы сіздерді талай белестерді бағындырады деп сенеді.

Бүкіл оқырмандардың көзайымына айналған порталға дүйім ел тілекші болып отыр. 

Құрметпен: Mazhab.kz діни-танымдық порталы 

Әбу Омар Әл-ФарухӘбу Омар Әл-Фарух
10 лет назад 4848
3 комментария
  • Көп рахмет. Алла разы болсын. Сіздерге де Жаратқанның бар жақсылығын тілеймін!
    10 лет назад
  • Mazhab.kz ұжымына алғыс білдіре отырып, толағай табыстар, үлкен жетістіктердің шыңын бағындыра беріңіздер дегіміз келеді. Жақсылықта жарысайық!
    10 лет назад
О блоге