Жабир (р.а.) әңгімелеуде:
Пайғамбарымыз Расулаллаһқа бір кісі келіп:
– Я, Расулаллаһ! Пәлен деген көршім құрмасының қоқыстарын менің аулама тастайды. Маған жамандық жасауын тыяр емес, – деп мұңын шақты.
Пайғамбарымыз әлгінің көршісін шақырып алып:
– Көршіңнің ауласына тастап жүрген құрмаңның қажетсіз ағаштарын маған сат, – деп сұрады.
Әлгі кісі: – Болмайды, – деп үзілді-кесілді келіспеді.
– Онда маған сыйлашы, – деп өтінді.
Әлгі кісі тағы да:
– Болмайды, – деді.
– Онда маған беріп, орнына Жұмақтық қайтарымын ал, – деп ең бір бағалы ұсыныс жасап еді, бұл жолы да
әлгі кісі сазарған қалпы:
– Болмайды, – деді.
Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) :
– Сәлемдесуден қашатын кісілерді қоспағанда (бүгінге дейін) сенен өткен сараң адам көрмеппін, –деген еді кейіп...
Құдайберді Бағашар
"Тағылым тамшылары" кітабынан