Тағдырдан тағдырға қашып барамын...
Бір кездері Омар (р.а.) Мәдина қаласындағы бірнеше сахабаны жанына ертіп Шамды бақылап, тексеру үшін жолға шығады. Шамның сол кездегі бастығы Әбу Убәйда ибну Жәррах Омар (р.а.) мен жанындағы жолдастарын қаланың сыртынан күтіп алады. Әбу Убәйда Омарға (р.а.) Шамда оба ауруының етек алғанын жеткізеді. Хабарды естір-естімес хазреті Омар жанындағы сахабалармен ақылдасады. Сахабалардың кейбіреуі: «Осы жерге дейін келдік қой, Аллаға тәуекел етіп қалаға кіріп, жұмысымызды бітіріп кетейік», -десе,енді біреулері: «Кері қайтайық», -деген ойларын ортаға салады.ХазіретіОмар...