Тағдырдан тағдырға қашып барамын...
Тағдырдан тағдырға қашып барамын...

Бір кездері Омар (р.а.) Мәдина қаласындағы бірнеше сахабаны жанына ертіп Шамды бақылап, тексеру үшін жолға шығады. Шамның сол кездегі бастығы Әбу Убәйда ибну Жәррах Омар (р.а.) мен жанындағы жолдастарын қаланың сыртынан күтіп алады. Әбу Убәйда Омарға (р.а.) Шамда оба ауруының етек алғанын жеткізеді. Хабарды естір-естімес хазреті Омар жанындағы сахабалармен ақылдасады. Сахабалардың кейбіреуі: «Осы жерге дейін келдік қой,  Аллаға тәуекел етіп қалаға кіріп, жұмысымызды бітіріп кетейік», -десе,енді біреулері: «Кері қайтайық», -деген ойларын ортаға салады.ХазіретіОмар да осы кері қайтайық деушілерге қосылады. Сонда Әбу Убәйда: 

– Уа, Омар Алланың тағдырынан қашқаның ба?-дейді.

Омар (р.а.):  – «Бұл сөзді сенен басқа біреу айтқанда ғой! Иә, Әбу Убайда, Мен Алланың тағдырынан оның басқа бір тағдырына қашып бара жатырмын», -деп жауапқатады. Сосын түсінікті етіп ойын ашпақ ниетпен:

– Уа, Әбу Убәйда, сенің түйелерің бар делік. Мына жердің бір жағы жасыл-желек, балғын шөп, ал екінші жағы құрғақ, сусыз тап-тақыр жер делік. Сен егер түйелеріңді жасыл желек, балғын шөпке жайсаң Алланың тағдырымен жайған боласың. Ал егер, керісінше, құрғақ жерге жаяр болсаң Алланың тағдырымен жайған болмайсың ба?

Бұл әңгімеге кейіннен қосылған Абдуррахман ибн Ауф былай дейді: – Уа, Омар, менің бұл турасында мағлұматым бар. Бұл мәселеге байланысты Пайғамбарымыздан (с.а.у.) мынандай хадис естідім. Пайғамбарымыз былай деді: «Бір жерде оба ауруының бар екенінен хабардар болсаңдар, ол жерге бармаңдар, ал егер сол жерде болсаңдар сыртқа шықпаңдар».

Омар (р.а.) бұл хадисті естігеннен кейін қатты қуанады. Пікірінің дұрыс шыққаны үшін Алла Тағалаға шүкір етеді.

Қайрат Жолдыбайұлы

"Имани гүл" кітабынан

Қайрат Жолдыбайұлы, ислам, иман, тағдыр, Имани гүл
Әбу Омар Әл-ФарухӘбу Омар Әл-Фарух
2 жыл бұрын 410
0 пікір