Mazhab.kz діни-танымдық порталы іске қосылды!
Mazhab.kz діни-танымдық порталы іске қосылды!

Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасының электронды БАҚ-ы тағы бір жаңа порталымен толықты.

Керекуде жаңа Mazhab.kz діни-танымдық портал ашылды

Ұлт руханиятының темірқазығы саналған Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы бүгінде ел мұсылмандарының қара шаңырағы Діни басқарма ұстанып отырған бағыт.

Кереку өңірінде ҚМДБ насихатының қарқынды болуына қол жалғауды мақсат еткен, дін көкжиегін кеңейтуге талпыныс білдірген жаңа бір сайт ашылды. Ханафи мәзһабының қыр-сырын түсіндіретін діни-танымдық портал «Мәшһүр Жүсіп» атындағы Павлодар облыстық мешітінің ресми сайты ретінде бұқараға қалтқысыз қызмет қылады.

Қазақ және орыс тілдерінде жұмыс жүргізетін портал тек Кереку өңірінде ғана емес, бүкіл республика көлемінде жұмыс жасауға күш-жігерлерін салмақ.

Дін мен ділдің, дәстүр мен салттың тұнығынан, қасиетті Ислам руханиятының кәусар бұлағынан қанып ішкісі келген қауымға "Mazhab.kz" діни-танымдық порталы қалтқысыз қызмет қылуды мақсат етеді. Біз де, өз кезегінде, жаңа сайтқа жаңа серпін, жаңаша қарқын, соны леп тілей отырып, Жаратқан жар болсын демекпіз. 

ummet.kz-ақпарат

Әбу Омар Әл-ФарухӘбу Омар Әл-Фарух
2 жыл бұрын 632
0 пікір